Алматыда аудан әкімінің орынбасары ұсталды
Жарияланған күні:
Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-арнасында.
"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған", - делінген хабарда.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.
Ведомстводағылар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053898-almatyda-audan-akiminin-orynbasary-iri-kolemde-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.