Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

250 млн теңге жымқыру ісі: Талдықорғанда шенеуніктер сотталды

Жарияланған күні:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жетісу облысының поркурорлары Талдықорған қаласында екі көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандардың қылмысын әшкереледі. Бұл туралы Жетісу облыстық прокуратурасының сайтында хабарланды.

Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап, жүргізгені айтылады.

"Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып,  250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкері Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053941-250-mln-tenge-zymqyru-isi-taldyqorganda-seneunikter-sottaldy/