Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер биіктен құлайын деп тұрған ер адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

Балкон ғимарат
Балкон ғимарат. Көрнекі фото: Lubov/Getty Images

Қостанай облысында полиция қызметкерлері ер адамның биіктіктен құлап кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Оқиға, бүгін 4 қаңтарда Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде сағат 12 шамасында болды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына төрт минут ішінде келген.

"Мен гаражыма барып, қараусыз қалған ғимараттың жанында тұрған таныс көлікті көрдім. Жан-жағына қарай бастадым да, қоршалмаған балконның шетінде жатқан адамды байқадым. Бірден полицейлер мен жедел жәрдем шақырдым", - деп атап өтті оқиға куәгері.

Тәртіп сақшылары ер адамды қауіпсіз жерге сүйреп апарып, медицина қызметкерлеріне оны жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектесті.

Қазіргі уақытта оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның қараусыз қалған ғимараттың балконына түсу себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053997-policeiler-biikten-qulaiyn-dep-turgan-er-adamdy-qutqaryp-qaldy/

pixel