Желіде Air Astana ұшағының дауылға қарамастан Лондон әуежайына сәтті қонған сәтінің видеосы тарады
Жарияланған күні:
Желіде Air Astana әуе компаниясы ұшағының Лондон әуежайына қонған сәтінің бейнежазбасы тарады. Ұшақ қатты жел соғып тұрған кезде жерге сәтті қонған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұшақтың қонған сәтінің бейнежазбасы BBC-дің Instagram парақшасында жарияланды.
Қазақстандық әуе компаниясының ұшағы Хенк дауылының салдарынан күн райының нашарлауына байланысты Лондонның Хитроу әуежайына шайқалып барып қонған.
Бейнежазбадан ұшақтың шайқалып бара жатқанын көруге болады. Ұшақ жерге қонғанға дейін кадр сыртында айқайлап тұрған ер адамның даусы естіледі.
Осы жайтқа қатысты әуе компаниясының өкілдері пікір білдірді. Олардың айтуынша, видео 2024 жылғы 2 қаңтар күні түсірілген. Алматыдан Лондонға ұшқан ұшақ ауа райының нашарлығына қарамастан, әуежайға сәтті қонған.
"2024 жылғы 2 қаңтарда әуе компанияның ұшағы Лондонға (Хитроу) қонар кезінде дауыл көрсеткіштеріне жақын жылдамдығы сағатына 67-90 шақырым болатын екпінді жел соғып тұрды, бұл жер бетінде турбуленттіліктің күшеюіне себеп болды", – деп мәлімдеді Air Astana әуе компниясының баспасөз қызметі.
Британиялық БАҚ-тың жазуынша, дауыл Ұлыбританиядағы барлық көлік түрінің қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірген. Атап айтқанда, Лондонның Хитроу әуежайында бірнеше рейсті басқа әуежайларға бағыттауға тура келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054016-zelide-air-astana-usagynyn-dauylga-qaramastan-london-auezaiyna-qongan-satinin-videosy-tarady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.