Астанада адам ұрлады деген күдікпен төрт жігіт ұсталды (фото)
Жарияланған күні:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада адам ұрлады деген күдікпен төрт адамның ұсталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, олар өзін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған.
"Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі", – делінген агенттіктің Telegram арнасында жарияланған ақпаратта.
Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдіктілер алдын ала сөз байласып, адам ұрлап, оны есірткі заттарын сақтағаны және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған.
Күдіктілер өзін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырған. Бұған қоса, жәбірленушінің жалпы сомасы 1,4 млн теңгеден асатын мүлкін иемденген.
"Топтың барлық мүшесі соттың санкциясымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Агенттік өкілдері қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметі осы адамдардың құқыққа қайшы әрекеті жөнінде білгеніңіз болса, 1424 Call-орталығына хабарлауды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054081-astanada-adam-urlady-degen-kudikpen-tort-zigit-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.