Жамбыл облысында шенеуніктер 22 млн теңгенің көліктерін заңсыз сатты деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқыру фактілерін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура сайтында хабарланды.
"Кәсіпорнының басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңгені құрайтын 4 автокөліктерді жалған құжаттар рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралдары ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан", - делінген хабарда.
Бұл дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, оның тергеуін облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізген.
"Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды.
Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңге болатын 3 автокөлік мемлекетке қайтарылып, төртінші автокөлікті қайтару үшін шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық іс сотқа жолдану барысында", - дейді Жамбыл облысының прокуратурасының өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054124-zambyl-oblysynda-seneunikter-22-mln-tengenin-kolikterin-zansyz-satty-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.