Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау облысында Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл хабар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сайтында жарияланды.

"Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша "Атырау облысы Білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі" ММ бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ведомство хабарында.

Қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты "үй қамағына алу" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ департамент өкілдері тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды.

"Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі", - деп ескертті департаменттегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054157-atyrau-oblysynda-audandyq-bilim-boliminin-bassysy-ustaldy/

pixel