Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жылда 128 оқиға болған: министрлік қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жарылған газ баллонын көрсетіп тұрған ТЖМ өкілі
Жарылған газ баллонын көрсетіп тұрған ТЖМ өкілі. Фото: gov.kz

Қазақстанда 2023 жылы баллондардың жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылы болған 128 оқиға тіркелді. Онда 21 адам қаза тауып, 167 адам жарақат алды. ТЖМ ресми сайтында осы мәліметтерді келтіріп, қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Газ баллондарының жарылыстары мен газ-ауа қоспасының тарсылының жиілеп кетуі елеулі алаңдаушылық туғызады. Осы жылдың басынан бері газ-ауа қоспасының тарсылы болған 4 оқиға тіркелді. Онда 3 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды", - дейді құтқарушылар.

Мамандардың айтуынша, газ баллондарының жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылының негізгі себептері - қауіпсіз пайдалану талаптарын және тұрмыстық газ баллоны мен газ жабдығын сақтау ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі.

"Жылыту маусымына дайындық кезінде азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру және пештерді дұрыс салу бойынша өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді. Жылыту маусымы басталғаннан бері 1,6 млн-нан астам үйді аралап, 3 млн-ға жуық азаматқа нұсқау берілді.

Өткізілген іс-шараларға қарамастан, өткен 2023 жылы қатты отынмен жанатын пештен шыққан улы газбен уланудан 11 адам қаза тауып, 42 адам жарақат алды. Улы газдан уланудың негізгі себептері-жабық тұрған  жапқыш, бітелген мұржа, пештің тартпауы, пештегі жарықшалар", - деп ескертеді ТЖМ өкілдері.

Министрлік өкілдері қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өрттің өсуінің алдын алуға болатынын айтқан.

"Газ жабдықтарын уақтылы тексеру және жөндеу қажет. Газ баллондарын тек мамандандырылған ұйымдарда толтырыңыздар. Автожанармай құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салынады. Сонымен қатар, мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады. Газ баллонын суықтан жылы жерге кіргізіп, жылу көзінің жанына қоюға болмайды. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!" - дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054175-bir-zylda-128-oqiga-bolgan-ministrlik-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/