Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған әкімдігі орындалған жұмыстар үшін 160 млн теңге бюджет қаржысын жаратпақ болған

Опубликовано:

Есеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісу облысының прокурорлары Талдықорған әкімдігінің 160 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз шығындауына жол бермеді. Бұл туралы өңірлік прокуратура ресми сайтында хабарлады.

Ведомство ақпаратынша, Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілген.

"Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054208-taldyqorgan-akimdigi-oryndalgan-zumystar-usin-160-mln-tenge-byudzet-qarzysyn-zaratpaq-bolgan/

pixel