Атырауда газ дүмпуінен үй жартылай қирап, үш айлық сәби шетінеді
Жарияланған күні:
Апта басында Атыраудағы үйлердің бірінде газ дүмпуінен үй жартылай қирап қалған болатын. Бұған дейін зардап шеккен бес адамның екеуі қайтыс болса, кеше кішкентай нәресте шетінеді, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кеше, 6 қаңтарда Атыраудағы Көкарна көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен үш айлық нәресте шетінеген.
Еске сала кетейік, 2 қаңтар күні Атырауда жекеменшік үйде газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті.
3 қаңтарда зардап шеккендердің бірі - 1964 жылы туған ер адам медициналық мекемеде қайтыс болған.
4 қаңтарда ауруханада жатқан 1970 жылғы зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054257-atyrauda-gaz-dumpuinen-ui-zartylai-qirap-us-ailyq-sabi-setinedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.