Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш баласы бар ақтөбелік әйел тағы да көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұсталды

Жарияланған күні:

Көлік тізгініндегі әйел. Көрнекі сурет
Көлік тізгініндегі әйел. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Ақтөбе полицейлері үш баласы бар мас әйелді көлік жүргізуші куәлігінсіз ұстады. Ол бұл заңбұзушылықты қайталап жасаған. Бұл туралы Ақтөбе қалалық полициясының Instagram-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"5 қаңтарда сағат 23-45-те патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған Hundai көлігін байқаған. Тексеру кезінде көлікті басқарған 51 жастағы әйел масаң күйде екені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші "жеңіл дәрежедегі масаң күйде" болған", - делінген хабарда.

Сонымен бірге 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен оны масаң күйде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырғаны белгілі болған. Алайда жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының барына қарамастан, жүргізуші мас күйінде көлікті басқарған. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Құқықбұзушылық жасағаны үшін енді әйел 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054310-us-balasy-bar-aqtobelik-aiel-tagy-da-kolikti-mas-kuide-zurgizgeni-usin-ustaldy/