"Денесін қайнаған суға күйдірген": Алматы облысында кішкентай қыз азапталғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілерде асыраушысынан зәбір көрдім деген баланың видеосы таралып жатыр. Оқиғаға қатысты балалар омбудсмені Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Kris_p_issyk Instagram-паблигінде кішкентай қыз асыраушысы ұрып-соққанын және зорлықтың басқа да түрін көрсеткенін мәлімдеген видео жарияланды.
"Дереккөздің әңгімесіне қарағанда, баланың денесін қайнаған сумен күйдірген, ұрып-соққан, құлағынан тартқан, содан денесінде көгерген іздер қалған. Жағдай шок туғызады, баланың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті органдар жедел араласуы қажет", - делінген жарияланымда.
Сондай-ақ қызды өңірдегі ауылдардың бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін адам асырап алғаны айтылады.
"Қыз оның үйінде жарты жылдай тұрған, ол алғаш рет қашып кеткенінде танысы ұстап, мұғалімнің үйіне қайтарған, бұл қылығы үшін оны тағы ұрып-соққан, екінші мәрте қашқанында да мұғалім оны ұстап алған", - делінген жарияланымда.
Видеоға қатысты жазылған пікірлер арасында ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның жауабы да бар. Ол қыз ауруханада жатқанын хабарлады.
"Еңбекшіқазақ ауданында қыздың қамқоршысы тарапынан азаптау фактісіне қатысты. Қыз ауруханада жатыр. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан әрі қамқоршылықтан айыру шаралары қабылданады", - деді ол.
Балалар омбудсмені бұл іс өзінің жеке бақылауында екеніне сендірді.
KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментіне жүгінді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054337-denesin-qainagan-suga-kuidirgen-almaty-oblysynda-kiskentai-qyz-azaptalganyn-malimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.