Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

Жарияланған күні:

Жарылыс болған жер
Жарылыс болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/batysqaz_tjd

Оралда 4 қаңтарда түнгі уақытта болған жарылыстан қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. Өткен жексенбіде олар жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды "Мой город".

Қайғылы оқиғадан үш адам қаза болған. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында 32 жастағы Руслан Қаржаубаев жерленді. Оның артында екі баласы қалды.

Басылым мәліметінше, төтенше жағдай кезінде ер адамды бетон қабырға басып қалған. Туыстары оның көлік жөндеумен айналысқанын, ал кафеге досымен тамақтануға кіргенін айтып берді. Досы төтенше жағдайдан тірі қалыпты, қазір жарақат бөлімінде емделуде.

"Руслан жеке шаруасымен айналысқан. Көп сөз сөйлемейтін, сабырлы адам болған. Нағыз ер азамат. Осындай адамнан айырылып қалдық. Бейбіт күнде, соғыс жоқта айырылып қалып жатырмыз. Бұған кім жауап береді?" - дейді марқұмның туысы.

Жарылыстан қаза болғандардың бірі студент Ерхан Тоқбаев Шыңғырлау ауданындағы Алмазное ауылында жер қойнына тапсырылды. Ер адам дәмханаға тамақтануға келген.

6 қаңтарда Бәйтерек ауданындағы Достық ауылында 19 жастағы Маргарита Мұхаметжановамен қоштасу рәсімі өтті. Бұл мекемеде ол даяшы болған, пединститутта оқыған. Отбасында жалғыз қыз болған.

Оралда дәмханада болған жарылыстан қаза болғандар
Оралда дәмханада болған жарылыстан қаза болғандар. Фото: "Мой город"

Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан ғимарат опырылған болатын. Оқиға орнында екі адам қаза тапты.

Кейін үшінші адамның денесі үйінді астынан шығарылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054382-oraldagy-damxanada-bolgan-zarylystan-qaza-tapqandardyn-aty-zoni-zariyalandy/