Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 мың теңгеден дивиденд": "ҚазМұнайГаз" компаниясының атын жамылған алаяқтар жалған жарнама таратты

Жарияланған күні:

"ҚазМұнайГаз" атауы жазылған тақтайша
"ҚазМұнайГаз" атауы жазылған тақтайша. Фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнама тарады. Бейнежазбада "ҚазМұнайГаз" іске қосқан жаңа платформаға қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі жалған жарнаманы Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы анықтаған.

"Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес, таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура халықты қырағы болуға және түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға сеніп қалмауға шақырды. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оның артында қаржы пирамидалры жасыранған болуы мүмкін.

"Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдауда", - дейді Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp желісінде тағы бір жалған хабарлама тараған еді. Хабарламада төлемдер туралы жаңа қаулы шыққаны, ол бойынша Қазақстанның әр азаматына жүз мың теңгеден бастап төлем төленетіні жазылып, Қаржы министрлігінің сайты делінетін жалған сайтқа сілтеме берілген.

Алайда Қаржы министрлігінің өкілдері желіде тараған хабарламаны жоққа шығарып, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054529-100-myn-tengeden-dividend-qazmunaigaz-kompaniyasynyn-atyn-zamylgan-alayaqtar-zalgan-zarnama-taratty/