Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрі Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі төніп тұрғанын айтты

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасыны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін министрлер кабинетінің отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қай өңірлерде су тасқыны қаупі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сырым Шәріпханов "Қазгидрометтің" алдын ала болжамына сүйене отырып, еліміздің басым бөлігінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, жауын-шашын мөлшері де нормадан көп болады деп болжанып отыр. Бұл ретте бес өңірде қардың түсуі 70 пайызға дейін, 12 өңірде 90 пайыздан астам болуы мүмкін.

"Сондықтан оңтүстік өңірлерде өткен жылғы ақпан айларындағы су тасқынын, ал солтүстік өңірлерде желтоқсан айында температураның күрт төмендеуіне және қар болмауына байланысты топырақтың терең қату ықтималы бар екенін ескеру керек. Осыған орай осы өңірлерде қазірдің өзінде жоғары деңгейдегі дайындық режиміне өту керек", - деді министр.

Осы орайда министр әкімдіктер елді мекендерден қарды қауіпсіз жерлерге уақтылы шығаруды қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054578-totense-zagdailar-ministri-qazaqstannyn-qai-onirinde-su-tasqyny-qaupi-tonip-turganyn-aitty/

pixel