Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы тазалық" директоры ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054581-almaty-kommunaldyq-kasipornynyn-bassysy-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/