"ҚазАвтоЖолдың" лауазымды тұлғалары 194 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
"ҚазАвтоЖол" ұлттық операторының Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары мен тағы екі адам ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.
"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында "Қордай" өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам.
Соттың санкциясымен барлық күдікті: "ҚазАвтоЖол" филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", – делінген хабарламада.
Антикор өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторының Жамбыл облысы бойынша филиалы басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері сотқа дейінгі тергеу басталғанын толығырақ кейінірек хабарланатынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054466-antikor-qazavtozoldyn-lauazymdy-tulgalaryn-tergep-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.