Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еш қиындық болмайды": әкім жаңа Алатау қаласының тұрғындарына қандай жағдай жасалатынын айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Абилев
Нұрлан Абилев. Видеодан кадр: instagram.com/rsk_almobl and almobl_akimat

Алматы облысы Жетіген ауылдық округі әкімі Нұрлан Абилев жаңа Алатау қаласында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жетіген ауылдық округі әкімінің айтуынша, жаңа құрылған қаланың құрамына Жетіген, Жаңа-арна, Құйған, Еңбек ауылы кіреді.

Алатау қаласының жалпы ауданы – 88 мың гектар және 52,7 мың тұрғыны бар.

"Ұлттық экономика министрлігі жаңа Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірледі, оған сәйкес экономикалық есептеулерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді, жаңа қаланың схемалық карталары әзірленіп, халықтық жиындар өткізілді. Осы жиындар негізінде Алматы облысы, сондай-ақ Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды", – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, Алатау қаласын құру мақсатында жол желісін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғыртып, жаңа жұмыс орындарын құруды көздеп жатыр.

"Тың бастама инвестицияларды, технологияларды және қосымша қаржы көздерін тартуға бағытталған. Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және салық түсімдерін ұлғайту өңірдің инвестициялық әлеуеті мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді деп болжанып жатыр.

Жаңа қала құрылысы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, өңірдің дамуына даңғыл жол ашады. Жаңа шаһар Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Бір сөзбен айтқанда, "Алатау" - дамудың жаңа кезеңі", – деп жазады әкімдік баспасөз қызметі хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054816-es-qiyndyq-bolmaidy-akim-zana-alatau-qalasynyn-turgyndaryna-undeu-zasady-video/

pixel