Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министр қазақстандықтарға екпе алғаны туралы хабарламалар неліктен жаппай келіп жатқанын түсіндірді

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: Aleksandr Zubkov / Getty Images

Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев неліктен тұрғындарға 1414 нөмірінен екпе алғаны жайлы SMS хабарлама келуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрілігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінгі таңда әлеуметтік желіде азаматтарды вакцинациялау дерегі бойынша құлағдар ететін SMS-хабарлама келіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Неліктен олай болуы мүмкін: медицина қызметкері тікелей екпе салынған кезде адамның вакцинация алғаны туралы ақпаратты деректер базасына енгізеді, кейін (азаматқа - ред.) 1414 арқылы автоматты түрде SMS хабарлама келеді.

Вице-министрдің айтуынша, вакцина алмаған азаматтарға бірнеше себепке байланысты ақпарат келуі мүмкін.

"Неге мүлдем екпе алмаған азаматтарға вакцинациядан өткені туралы SMS-хабарлама келуі мүмкін: біріншіден, медицина қызметкері қателесіп, басқа пациенттің деректерін енгізуі ықтимал. Екіншіден, ақпарат әдейі енгізілуі мүмкін, яғни медициналық мекеме адамды тіркеу мақсатында жалған ақпарат беруі ықтимал. Үшіншіден, базада телефон нөмірлерінде қате кетуі мүмкін", – дейді вице-министр.

Сонымен қатар Бейбіт Есенбаев SMS хабарлама тек пациент вакцинациядан өткен кезде емес, балалары да вакцинациядан өткеніне байланысты келіп түсетінін еске салды, яғни ата-аналар балаларына да екпе салдырған кезде SMS келеді. Сондықтан азаматтар бұл SMS хабарламаға да назар аудару керек екенін атап өтті.

"Азаматтар да, балалары да екпе алмаған жағдайда не істеу керек: біріншіден, адам медициналық сақтандыру қорына жүгініп, екпе алынғаны туралы дерек жалған екенін хабарлауы қажет. Кейін қор қажетті шараларды қабылдайды.

Екіншіден, eGov mobile мобилдік қосымшасындағы eDensaulyq бөлімінде вакцинациялау туралы ақпаратқа өзгеріс енгізуге өтініш беріп, пациент мүлдем екпе алмағанын жазуға болады. Осылайша өтініш медициналық сақтандыру қорына түсіп, қажетті шаралар қабылданады", – деп қорытындылады Бейбіт Есенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054839-qazaqstandyqtarga-ekpe-algany-turaly-xabarlamalar-kelip-zatyr-vice-ministr-pikir-bildirdi/

pixel