jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Мал іздеуге шыққан": Индер ауданында жоғалған 3 адам табылды

Қыс мезгілінде жүріп келе жатқан көлік
Қыс мезгілінде жүріп келе жатқан көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше Атырау облысындағы Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, оралмаған. Ал бүгін құтқарушылар жоғалған азаматтарды тапты, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, 9 қаңтарда Атырау облысының Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, оралмаған.

"Жоғалып кеткендер таңғы сағат 8-де Батыс Қазақстан облысы Жанама ауылына қарай мал іздеуге автокөлікпен шығып, қайтып оралмады.

Жоғалған адамдар 10 қаңтарда таңғы сағат 05:20-да табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ өкілдерінің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД және полицияның 7 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылған.

"Мал іздеуге шыққан": Индер ауданында жоғалған 3 адам табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.