Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов
Серік Қожаниязов. Фото: primeminister.kz

Серік Қожаниязов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін ол әкімнің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ал Қызылорда қаласын 2 жылдай басқарған Асылбек Шәменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, Қызылорда қаласының әкімі, ҚР премьер-министрінің кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы маусымға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.

2022 жылғы 24 маусымнан бастап Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054865-qyzylorda-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel