Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО полицейлері көшкін салдарынан жолда қалып қойған көліктерді қауіпсіз жерге жеткізді (видео)

Опубликовано:

Автокөліктер колоннасы
Автокөліктер колоннасы. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні салдарынан Өскемен-Алтай автожолында көлік қозғалысы бөгеліп, жүргізушілер жолда қалып қойған. Полицейлер жолда қалған көліктерді қауіпсіз жерге дейін жеткізді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпараты бойынша, қар үйіндісі салдарынан Өскемен-Алтай автожолындағы көлік қозғалысы 2 сағаттан астам уақытқа бөгелген.

"Автожолдың 63-шақырымында таудан қар көшкіні түскені туралы хабарлама алғаннан кейін взвод командирі Шахмұрат Ержанов жол қозғалысының шектелуіне байланысты көліктер жинала бастаған жерге қарай бет алды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшысы мүмкіндігінше жолды босатуға тырысып, басқа автокөлік жүргізушілерімен бірге жолды тазартуға кірісті.

"Жол аздап тазартылып, кеңейтілген соң полиция капитаны Ержанов өзінің патрульдік көлігімен 30-дан астам көлікке ілесіп жүріп, оларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді, ары қарай жүргізушілер өз бағыттары бойынша жол тартты", - деп жазады ведомство баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054868-birge-zol-tazartqan-sqo-policeileri-koskin-saldarynan-zolda-qalyp-qoigan-kolikterdi-qauipsiz-zerge-zetkizdi-video/

pixel