Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда және Семейде бас шырша құлап қалды (видео)

Опубликовано:

Семейде құлаған бас шырша
Семейде құлаған бас шырша. Фото: t.me/my_semey

Желіде Павлодар және Семей қаласындағы бас шыршаның жерге құлаған видеосы тарады. Кадрларға қарағанда, шыршалар қатты жел салдарынан құлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы жергілікті пабликтердің бірінде Павлодардағы бас шыршаның құлап жатқаны бейнеленген видео жарияланды. Видеода шырша қатты жел салдарынан құлауы мүмкін екені айтылады.

Сондай-ақ кадрлардан оқиға орнында полицейлердің жұмыс істеп жатқанын, құлаған шыршаның жанында патрульдік көлік тұрғанын көруге болады.

Павлодар қаласының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Павлодар қаласының орталық алаңындағы жаңажылдық шырша қатты жел салдарынан құлады. Қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шырша құлаған кезде ешкім зардап шекпеген.

"Шыршаның өзі бүлінген жоқ. Қазір оны қалпына келтіріп жатыр. Оны орнына қоймайды. Шырша алдағы уақытта да пайдаланылуы мүмкін", - дейді облыс әкімдігінің өкілдері.

Сонымен қатар желіде Семей қаласындағы бас шыршаның құлағаны бейнеленген видео да тарады. Болжам бойынша желіде тараған видео бейнебақылау камерасынан алынған. Видеодан шырша құлай бастағанда, оның жанынан бір адам өтіп бара жатқанын байқауға болады. Ол қашып үлгерген.

Әзірге бұл жайтқа қатысты жергілікті билік пікір білдірмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054904-pavlodarda-zane-semeide-bas-syrsa-qulady-video/

pixel