Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында туыстары іздеу салған 13 жастағы бала досының үйінен табылды

Жарияланған күні:

жеткіншек
Жеткіншек. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде туыстары іздестірген 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Оқушыны полиция жасөспірімдерді бейімдеу орталығына уақытша орналастырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік полицейлер бір тәулік бойы үйіне келмей, із-түзсіз жоғалып кеткен бүлдіршінді іздеп тапты. Оқушы үйіне барудан бас тартқандықтан, жасөпірімдерді бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. Полицейлерге белгілі болғаны - жасөспірім 9 қаңтарда әкесімен ренжісіп үйден шығып кеткен.

"13 жастағы жасөспірім 10 қаңтарда кешкі уақытта досының үйіне табылды. Қаладағы жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды. Бала әкесімен ренжіскен. Қазір жасөспірімге қатысты сұрақтар шешіліп жатыр", - деді Ақтөбе облыстық ПД-нің ресми өкілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын екі күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен жеткіншек іздестіріліп жатқаны туралы хабарланған болатын. Ол 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054974-aqtobe-oblysynda-tuystary-izdeu-salgan-13-zastagy-bala-dosynyn-uiinen-tabyldy/