"Президенттік шыршада жетім балаға қолданылған планшет сыйлаған": шенеуніктер жауап берді
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілерде жетім қыздың асырап алушысы түсірген видео таралып жатыр. Қызға Алматыдағы президенттік шыршада қолданылған планшет берілген. Білім басқармасы өкілдері болған жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желіде алматылық 3-сынып оқушысына жаңажылдық шарада қолданылған планшет берілгені айтылатын видео тараған.
"Алматыдағы мектепте оқитын жетім қызға президенттік шыршада бұғатталған, беті сырылған және қолданылған iPad сыйланған. Мектеп басшылығымен талқылағаннан кейін қызға жаңа iPad берілген", - делінген видеода.
Бұл жағдай туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматының білім басқармасы өкілдері түсінік берді.
"Бұл жағдай бойынша қаланың білім басқармасы хабарлайды: Ipad-та ақау анықталғаннан кейін мектеп директоры Жетісу ауданының мектебі бойынша тауар жеткізушілеріне тауардың сәйкес келмеуі туралы шағыммен дереу жүгінді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, білім беру ұйымдары "ОМаркет" порталында сатып алуды жүзеге асырды.
Жеткізуші компания сол күні шарттық міндеттемелер шеңберінде тауарды ауыстырды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Басқарма балаларға ұсынылған 300 планшетке қатысты сапасы мен жағдайы бойынша шағымдар түспегенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055077-prezidenttik-syrsada-zetim-balaga-qoldanylgan-planset-syilagan-seneunikter-zauap-berdi/