Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТрансГаз Аймақ" филиалының басшысы қамауға алынғаннан кейін не өзгерді: ҚМА өкілдері жауап берді

Опубликовано:

Газ
Газ құбыры. Көрнекі фото: Gov.kz

ҚМА аумақтық департаменті қызметкерлерінің араласуынан кейін Ұлытау өңіріндегі екі елді мекенге газ берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлады.

"Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған, ал "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы талап еткен", - делінген мәлімдемеде.

Агенттік ақпараты бойынша олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен.

2023 жылғы қыркүйекте ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталған.

"Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне көк отын жеткізілді", - деді агенттік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055161-qaztransgaz-aimaq-filialynyn-bassysy-qamauga-alyngannan-keiin-ne-ozgerdi-kma-okilderi-zauap-berdi/

pixel