Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары сотталды

Опубликовано:

Ақша және кісен
Ақша және кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен үш адам, оның ішінде құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары қамалды Олар көппәтерлі үй салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола соттары Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысының құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, мердігерлік ұйымының директоры және сараптама мен техникалық қадағалауды жүзеге асырған маман әрқайсысы 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

"Сотталғандар Щучинск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлап, толық көлемде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау туралы актілерге қол қойды. Облыстық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгертілді", - делінген хабарламада.

Алайда Ақмола облысының құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім өзгеріссіз қалған.

"Кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сот-құрылыс экономикалық сараптамасының қорытындыларымен дәлелденді. Сот құрылыс материалдарының қымбаттауына және жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген қосымша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жұмыстардың бір бөлігі орындалмағаны туралы қорғаудың дәлелдерін дәрменсіз деп таныды, өйткені оларды айыптаушы тарап ұсынған дәлелдемелер сотта жоққа шығарды", - деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055196-aqmola-oblysy-qurylys-basqarmasy-bastygynyn-buryngy-orynbasary-sottaldy/

pixel