Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйлердің біріндегі кіреберісте дәрет сындырған курьер қамауға алынды

Опубликовано:

instagram.com/umps_dp_astana
Ұсталған ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/umps_dp_astana

Тұрғын үйдің кіреберісінде дәрет сындырған Астана тұрғыны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ер адамның жеке басын полицейлер анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жергілікті полиция басқармасы қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарап кетті. Кадрларда көрсетілгендей, курьер тұрғын үйдің кіреберісінде дәрет сындырған.

Астана қалалық жергілікті полиция басқармасы қызметі видеодағы ер адамның кім екені анықталғанын, ер адам уақытша қамауға алынғанын хабарлады.

"Нұра аудандық полицейлері тұрғын үйдің кіреберісінде дәрет сындырған ер адамды анықтады. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ер адамды жауапқа тарту үшін материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді", - делінген ПБ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055212-astanada-turgyn-uilerdin-birindegi-kireberiste-daret-syndyrgan-kurer-qamauga-alyndy/

pixel