jitsu gif
Шоубиз

    "Әкесі болуы мүмкін": қазақстандық анасын іздеген бельгиялық қазақ жігітке қатысты тың дерек шықты

    ЭддиЖан
    ЭддиЖан. Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

    Осыдан біраз уақыт бұрын бельгиялық отбасы асырап алған қазақ жігіт Жәнібекке қатысты тың дерек шықты. Бұл жайлы "Бармысың, бауырым" бағдарламасының редакторы әрі жүргізушісі Қымбат Досжан Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оның айтуынша, бағдарламаға бір ер адам хабарласып, Жәнібектің әкесі болуы мүмкін екенін айтқан.

    "Құдайға шүкір! Ер-азаматтар ояна бастады. "Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы" деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін бағдарлама редакторы Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік", – деп жазды Қымбат Досжан.

    Еске сала кетейік, 2004 жылы бельгиялық әйел асырап алған Қазақстан тумасы ЭддиЖан биологиялық ата-анасын іздеп, Қазақстан халқынан көмек сұраған болатын.

    Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Отандастар" қорының вице-президенті Олжас Беркінбаев Instagram-дағы парақшасында ЭддиЖанның видеоүндеуін жариялады.

    "Мына видеода ағылшынша сөйлеп, сіздерден көмек сұрап отырған жігіттің есімі – Жәнібек, бірақ қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ", - деп жазды Олжас Беркінбаев.

    "Әкесі болуы мүмкін": қазақстандық анасын іздеген бельгиялық қазақ жігітке қатысты тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.