Желіде Назарбаевтың Астанадағы ескерткіші алып тасталды деген хабар тарады
Жарияланған күні:
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан алып тасталды деген хабар тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Редакция пікір алу үшін Ұлттық қорғаныс университетіне жүгінді, бірақ олар ескерткіштің құлатылуы жайында түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеді. Бүгін осы мәселе бойынша Қорғаныс министрлігінің өкілдері пікір білдіреді екен.
Google-картадағы 2024 жылы түсірілген суреттерге қарағанда, ескерткіш университет аумағында тұр.
Сондай-ақ магистратура түлектерінің 2023 жылғы маусымда өткен шарасында түсірілген суреттен ескерткіштің тұрғанын байқауға болады. Суреттер университеттің Instagram-аккаунтында жариялаған.
Еске салайық, университет аумағындағы ескерткіш 2020 жылдың 3 шілдесінде ашылған. Салтанатты ашылу рәсімі онлайн режимінде өтті, өйткені сол кезде елде карантин шектеулері режимі қолданыста еді.
Бұған дейін, 12 желтоқсанда Қазақстан Қорғаныс министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын жариялағаны белгілі болды, оған сәйкес Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті атауын өзгерту жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055237-zelide-nazarbaevtyn-astanadagy-eskertkisi-alyp-tastaldy-degen-xabar-tarady/