jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Желіде Назарбаевтың Астанадағы ескерткіші алып тасталды деген хабар тарады

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін ашу рәсімі
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін ашу рәсімі. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан алып тасталды деген хабар тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Редакция пікір алу үшін Ұлттық қорғаныс университетіне жүгінді, бірақ олар ескерткіштің құлатылуы жайында түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеді. Бүгін осы мәселе бойынша Қорғаныс министрлігінің өкілдері пікір білдіреді екен.

Нұрсұлтан Назарбаев монументі
Нұрсұлтан Назарбаев монументі. Фото: myastanacity

Google-картадағы 2024 жылы түсірілген суреттерге қарағанда, ескерткіш университет аумағында тұр.

Университет аумағы. 2024 жыл
Университет аумағы. 2024 жыл. Фото: Google Maps

Сондай-ақ магистратура түлектерінің 2023 жылғы маусымда өткен шарасында түсірілген суреттен ескерткіштің тұрғанын байқауға болады. Суреттер университеттің Instagram-аккаунтында жариялаған.

Еске салайық, университет аумағындағы ескерткіш 2020 жылдың 3 шілдесінде ашылған. Салтанатты ашылу рәсімі онлайн режимінде өтті, өйткені сол кезде елде карантин шектеулері режимі қолданыста еді.

Бұған дейін, 12 желтоқсанда Қазақстан Қорғаныс министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын жариялағаны белгілі болды, оған сәйкес Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті атауын өзгерту жоспарланған.

Желіде Назарбаевтың Астанадағы ескерткіші алып тасталды деген хабар тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.