Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға Ұлыбританияда маусымдық жұмысты заңды түрде істеуге жол ашылмақ

Опубликовано:

Лондон
Лондон. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінде қазақстандықтардың Ұлыбританияда жұмыс істеу мәселесі талқыланды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Елшілігінің экономика және климаттық өзгерістер жөніндегі бірінші хатшысы Селена МакГиннесспен кездесіп, қазақстандықтардың Ұлыбританияда маусымдық жұмыста еңбек етуі мәселелерін талқылаған.

Асқарбек Ертаев британиялық тарапқа шетелдегі еңбек мигранттарының құқығын қорғау туралы келісім жобасын жасау бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндаған.

"Келісім жобасы біздің Ұлыбританиядағы азаматтарымыздың еңбек қызметін реттеуге бағытталған және қазақстандық жұмысшылардың тең еңбек жағдайы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңсыз көші-қонның алдын алуға ықпал етеді.

Еңбек мигранттары саласындағы бірлескен іс-қимылдың алдағы жоспарларын талқылай келе, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді", - делінген комитет мәлімдемесінде.

Талқылау барысында Ұлыбританияда екіжақты меморандумдар аясында Қырғызстан және Өзбекстанмен осыған ұқсас жұмыстар атқарылып жатқаны мәлім болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін екенін жазған едік, егер осы жоба іске асса, болашақта қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмыс істей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055279-qazaqstandyqtarga-ulybritaniyada-mausymdyq-zumysty-endi-zandy-turde-isteuge-zol-asylmaq/

pixel