Бұрқасын, тұман, көктайғақ: елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
13 қаңтарда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.
Астанада 13 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
13 қаңтарда басым бөлігінде Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.
13 қаңтарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда күндіз Абай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20, екпіні 23 м/с.
13 қаңтарда түнде Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
13 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте 13 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда күндіз Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында екпіні 18-23 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055297-burqasyn-tuman-koktaigaq-eldin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/