jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы әуежайында 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды

    Күдіктінің қолына кісе салу
    Күдіктінің қолына кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы әуежайында 2013 жылдан бастап халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

    "13 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды.

    Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада.

    Ұсталған ер адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    ІІМ өкілдері жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.