jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді

    Сейсмограф
    Сейсмограф. Көрнекі фото: adventtr / Getty Images

    Қаңтардың 13-і кешкі уақытта Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісі салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ әрі инфрақұрылымға зақым келмеген, деп хабарлайды Жетісу Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, жерасты дүмпулері сағат 22:08-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 230 шақырым және Текелі қаласынан 20 шақырым жерде – Жетісу облысындағы таулы аймақта болғаны анықталды.

    Текеліде жер сілкінісінің сезілуі 3 баллға жетті.

    "Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция бөліміне, "Казселқорғауға", прокуратураға және т.б. органдарға хабар берді. Ведомстволардың құзыретіне кіретін аумақтардағы жағдай анықталып жатыр, қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Сондай-ақ ведомство өкілдері бұл сейсмикалық аймақ үшін жер дүмпулері 3-4 балл аралығында құбылып тұратыны қалыпты жағдай екенін айтты.

    "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы ауа райы болжау комиссиясының қысқа мерзімді қорытындысына сәйкес, Алматыдағы сейсмикалық аймақ ошағында 7 баллдан асатын жерасты дүмпулері мен жойқын жер сілкінісі күтілмейді", – деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

    Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.