Аязға байланысты Астана мен бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқуға көшті
Жарияланған күні:
Дүйсенбіде, 15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде, соның ішінде Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана қаласы білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 2024 жылғы 15 қаңтарда бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты.
Қарағандыда бүгін бірінші ауысымдағы 0-4-сынып оқушылары онлайн оқитын болды. Бұл туралы Қарағанды білім басқармасының Telegram-арнасында хабарланды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің Telegram-арнасында 15 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Алға, Темір, Қобда, Қарғалы, Байғанин, Хромтау аудандарының I ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылғаны жазылған.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Өскеменде бірінші ауысымдағы 0-9-сыныптар да онлайн оқиды.
Көкшетауда қатты аяз бен желдің салдарынан бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055420-ayazga-bailanysty-astana-men-birnese-onirde-oqusylar-qasyqtan-oquga-kosti/