jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Аязға байланысты Астана мен бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқуға көшті

Оқушылар сабақ оқып отыр
Оқушылар. Көрнекі фото: Pexels.com

Дүйсенбіде, 15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде, соның ішінде Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 2024 жылғы 15 қаңтарда бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты.

Қарағандыда бүгін бірінші ауысымдағы 0-4-сынып оқушылары онлайн оқитын болды. Бұл туралы Қарағанды ​​білім басқармасының Telegram-арнасында хабарланды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің Telegram-арнасында 15 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Алға, Темір, Қобда, Қарғалы, Байғанин, Хромтау аудандарының I ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылғаны жазылған.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Өскеменде бірінші ауысымдағы 0-9-сыныптар да онлайн оқиды.

Көкшетауда қатты аяз бен желдің салдарынан бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Аязға байланысты Астана мен бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқуға көшті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.