Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев мектептерінде оқу гранттары қымбаттауы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанның туы мен Назарбаев мектебінің эмблемасы
Назарбаев зияткерлік мектебі. Көрнекі фото: nis.edu.kz

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидасы мен мөлшеріне өзгеріс енгізілмек. Ашық НҚА сайтында Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Гранттың мөлшерлері:

  • жатақханада тұруды есептемегенде, күнтізбелік жылға 2 349 191 (екі миллион үш жүз қырық тоғыз мың жүз тоқсан бір) теңге;
  • жатақханада тұруды есептегенде, күнтізбелік жылға 3 247 305 (үш миллион екі жүз қырық жеті мың үш жүз бес) теңге болады", - деп жазылған құжатта.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 29 қаңтарға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055482-nazarbaev-mektepterinde-oqu-granttary-qymbattauy-mumkin/

pixel