Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

POS-терминалдар, автоматты шлагбаум, арнайы сайт: "Алтын орда" базарында қандай өзгеріс бар

Опубликовано:

"Алтын орда" базары маңындағы көліктер мен адамдар нөпірі
"Алтын орда" базары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Алтын орда" базары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін нақты қандай жұмыстар жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің мәліметінше, "Алтын орда" базарының әкімшілігімен бірлесіп бекіткен "Алтын орда" базары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2023 жылғы желтоқсаннан бастап базар аумағының 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылған.

"Сонымен қатар "Алтын Орда" базарын цифрландыру бойынша altynordaresmi.kz ақпараттық веб-сайты іске қосылды, онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.

Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді", делінген ведомство мәлімдемесінде.

Министрлік бұл шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданғанын атап өтті.

2023 жылғы тамызда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев анықталған бұзушылықтарды жою, нарықты жаңғырту және фермерлер үшін тегін сауда орындарын ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін базар аумағында мобильді топтың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Сол жылдың желтоқсанында Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков "Алтын Орда" базарына барып, базар әкімшілігімен сауда алаңдарын жаңғырту мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша Айдар Әбілдабеков қысқа мерзімде бизнес-процестерді цифрландыруға көшуді жеделдетуді тапсырды.

Айта кетерлігі, "Алтын орда" базары төңірегіндегі дау-дамай күні бүгінге дейін толастамай келді. Желіде базарда болған төбелестен видеолар да тарады. Сондай төбелестердің бірі тұраққа ақша жинайтын жігіт пен жүргізуші арасында болған. Екі азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2- бөлігі 1- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кейін төбелескен екі азаматтың татуласқаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055507-pos-terminaldar-avtomatty-slagbaum-arnaiy-sait-bilik-altyn-orda-bazarynda-qandai-saralar-qoldanyp-zatyr/

pixel