Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде сауна мен мейрамхана маңында қызметтік көліктер тұрған: тексеріс басталды

Опубликовано:

Көлікке отырып жатқан қызметкер
Көлікке отырып жатқан қызметкер. Көрнекі фото: Klaus Vedfelt / Getty Images

Семейде мемлекеттік қызметкерлер қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланды деген күдікке ілінді. Жергілікті тұрғындар мен компаниялардың шағымынан кейін тексеріс басталды, деп хабарлайды Abainewskz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған басылым мәліметінше, кейінгі екі айда жеке және заңды тұлғалардан 10-нан астам шағым келіп түскен.

Азаматтар мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдарға тиесілі қызметтік көліктер жеке мақсаттары үшін жұмыс уақытынан тыс пайдаланды деп шағымданған.

"Келіп түскен арыздарда Семейде және аймақтарда демалыс пен мереке күндері қызметтік көліктерді пайдалану фактілері көрсетілген. Куәгерлердің видеосында қызметтік көліктер монша, сауна, кафе, мейрамхана, тағы басқа демалыс орындарының маңында тұрған", - деді ведомство өкілдері.

Департамент Абай облыстық ПД және басқа да құзырлы мемлекеттік органдарға қандай мемлекеттік органдардың жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік автокөліктерді пайдаланатынын анықтау мақсатында жазбаша сауал жолдады.

"Департамент шағымдарды қарау қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдап, кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қаралады. Мемлекеттік мүлік тек мақсатына сай пайдаланылуға тиіс, мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттері қоғамның теріс көзқарасын тудырады. Халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімі азаяды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055515-semeide-sauna-men-meiramxana-manynda-qyzmettik-kolikter-turgan-tekseris-bastaldy/

pixel