Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында жолаушы 160 мың доллар ақшаны шетелге заңсыз шығармақ болған

Опубликовано:

Паспорт пен сөмке ұстап тұрған ер адам
Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған, бұл тасымалдауға рұқсат етілген 10 мың доллардан 16 есе көп, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам ұшу алдындағы тексеріс кезінде ұсталған.

Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған

"Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жүргізу барысында шамамен 160 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады.

Тексерістен кейін әуежай қызметкерлері жолаушыны аталған қаражатпен бірге құзырлы органға тапсырды", - делінген мәлімдемеде.

Әуежайдың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жарлығына сәйкес, 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055519-astana-auezaiynda-zolausy-160-myn-dollar-aqsany-setelge-zansyz-sygarmaq-bolgan/

pixel