Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды: әкімдік тізім жариялады

Опубликовано:

Құрылыс алаңы
Құрылыс алаңы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана қаласы әкімдігі 2023 жылдың басынан бері 288 бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ лицензиясынан айырылған құрылыс компанияларының тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" 288 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 247 шешім шығарды.

"Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

1. "NAK development" ЖШС;

2. "БазисДоСтрой" ЖШС;

3. "КСМК-АФ" ЖШС;

4. "DBK-Engineering" ЖШС;

5. "Пропилон" ЖШС;

6. "ANA Astana" ЖШС;

7. "ППК" жобалау-құрылыс компаниясы" ЖШС;

8. "X-clusive Qurylyus Group" ЖШС.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімдігі 2023 жылдың басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтап, бірнеше құрылыс компаниясын лицензиясынан айырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055615-astanada-segiz-qurylys-kompaniyasy-licenziyasynan-aiyryldy-akimdik-tizim-zariyalady/

pixel