Түркияда трансвеститтер жүрген клубқа барған қызылордалық екі мұғалім жұмысынан босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Қызылорда облысының екі мұғалімі Түркияда трансвеститтері бар клубқа барғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайттан кейін мұғалімдер жұмыстан босатылды. Жағдайға облыстық білім басқармасы мен Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желіде Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл мектебінің екі мұғалімі Түркияда трансвеститтер жүрген түнгі клубқа барғаны туралы ақпарат пайда болды. Видео Instagram желісінде тарап кетті.
Мұғалімдердің бұл әрекеті ата-аналардың наразылығын тудырған.
Бұл жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов Facebook желісіндегі ресми парақшасында айтты.
"Қысқы демалыс уақытында Түркияның түнгі клубтарының бірінде қыдырып жүрген Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Педагогтер жұмыстан босатылды", - деп жазды ол.
Облыстық білім басқармасының өкілдері де жағдайға қатысты пікір білдірді. Мұғалімдер түнгі клубқа барғаны үшін емес, жұмыста болмағаны үшін жұмыстан шығарылған болып шықты.
"Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер 2-5 жұмыс күні аралықта жалақысы сақталмайтын демалыс күндерін қоспағанда, белгісіз себептермен ескертусіз жұмыста болмаған. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармағына сәйкес олардың өз өтініштері бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055817-turkiyada-transvestitter-zurgen-klubqa-bargan-qyzylordalyq-eki-mugalim-zumysynan-bosatyldy/