Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар да біз сияқты азаматтар": Аймағамбетов басы дауға қалған қызылордалық мұғалімдерге араша түсті

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов басы дауға қалған қызылордалық мұғалімдерге қатысты пікір білдірді. Мектеп мұғалімдері демалыс кезінде трансвестит шоуына барып, кейін жұмыстан кеткен болатын, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұған дейін Қызылордада орта мектеп мұғалімдері Түркияда демалыста жүргенде трансвеститтер шоуына барып, кейін олар өз еркімен жұмыстан кетуге шешім қабылдағаны белігілі болған еді. Әлеуметтік желіде пайда болған видеоларға ата-аналар мен мұғалімдер наразы болған.

Облыстық білім басқармасы телеарнаға мұғалімдердің жұмыстан босатылуына түнгі клубқа барғаны себеп болмағанын айтты. Екі мұғалімнің демалыстан уақытында келмегені үшін жұмыстан шығарылғаны хабарланды. Мұғалімдердің өзі бұл келеңсіздікке қатысты әзірге ештеңе айтпады.

Бұрынғы министр, қазіргі мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің де жеке өмірі барын айтты.

"Мұғалімдер де біз сияқты азаматтар. Олардың құқықтарын ешкім шектей алмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек. Жоғары талап өз алдына. Олардың да біз сияқты адамдар екенін түсінуіміз керек. Бұл жерде істі нақты түсініп, олардың кінәсі не екенін білу керек", - деді мәжілісмен.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055905-olar-da-biz-siyaqty-azamattar-aimagambetov-basy-dauga-qalgan-qyzylordalyq-mugalimderge-arasa-tusti/

pixel