Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Автотұрақ ақысын төлеуден босатылады": елде электрмобильдерге арналған инфрақұрылым дамиды

Опубликовано:

Электромобиль
Электромобиль. Көрнекі фото: Seksan Mongkhonkhamsao / Getty Images

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Самат Мұсабаев баяндама жасады. Ол электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға байланысты "гибридті автомобиль" және "электромобиль" ұғымдары енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін, 17 қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Самат Мұсабаев экологиялық таза көлікті танымал ету әрі электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне байланысты баяндама жасап, жаңа заң жобасын таныстырды.

Заң жобасына сәйкес, көлік құралдарының түрлерін заңнамалық деңгейде сәйкестендіру үшін "гибридті автомобиль" және "электрмобиль" ұғымдарын енгізу жоспарланып жатыр.

Электрмобильдер тұрақ пен паркингтерде арнайы орындарымен қамтамасыз етіледі, ал олардың иелері автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.

Сонымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысанына жатқызылатын "электр зарядтау станциясы" түсінігі енгізіледі.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын бізде тек АЗС болды, яғни дизель отыны мен бензин құю станциялары. Одан соң елімізде газ пайда болғаннан кейін бизнестің өзі реттеп, газ құю бекеттерін АЗС-тың жанына орналастырған...

Сондықтан біз міндеттеу болмайды деп ойлаймыз, бірақ бизнестің өзі реттейді деген пікірдеміз", – деді Самат Мұсабаев.

Жолдарды жобалау кезінде олар үшін бөлек орындар жабдықтау, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында аумақты электрмен қуаттау станцияларын орналастыру үшін резервке қою, оларды тұрғын және қоғамдық аймақтарда орналастыру жоспарланған.

"Жол жүрісі туралы" заңға электр қозғалтқыштарымен жабдықталмаған көлік құралдарының жүргізушілеріне электр зарядтау станцияларымен жабдықталған орындарда тұрақтауға тыйым салатын норма енгізу ұсынылды. Бұл үшін Әкімшілік кодексте тиісті жауапкершілік енгізіледі.

Заң жобасын қабылдау электрмен жүретін көліктердің инфрақұрылымын дамытуға, экологиялық таза көліктердің жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға және электр зарядтау станцияларын орнатуды реттеудің құқықтық тетіктерін бекітуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055919-avtoturaq-aqysyn-toleuden-bosatylady-elde-elektrmobilderge-arnalgan-infraqurylym-damidy/

pixel