jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Өскеменде бүтін бір отбасы сотталды

судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Өскеменде анасы ұлдарымен бірге қылмыстық схема құрған. Сотта төрт адам жауапқа тартылып, олардың бәрі шартты түрде сотталды, деп хабарлайды ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі депатартаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, барлығы төрт адам анасы мен үш ұлы қылмыстық схема құрды деп айыпталған.

Олар үй жағдайында танымал брендтердің спиртін өндіріп, оны зауыттық өнім атын жамылып, Шығыс Қазақстан облысының базарларында және еліміздің басқа аймақтарында өткізген.

Құзырлы орган мәліметінше, төртеуінің де бас бостандығы шектелген.

"Қазір оның анасы мен үш ұлы, яғни сыбайластары шартты түрде сотталғандар есебіне алынды. Оларға жазасын өтеу тәртібі түсіндірілді. Міндеттерін орындаудан жалтару жазаны колонияда ұстау жазасына ауыстыруға әкеледі", - деді Өскемен қаласы ҚАЖД Сол жағалау аудандық пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.

Өскеменде бүтін бір отбасы сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.