Сот Нұржан Әлтаевтың шағымы бойынша шешім шығарды
Жарияланған күні:
Сот алқасы мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаевтың апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Соттың үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.
Сот алқасының отырысы елордада кеше, 16 қаңтарда өтті.
Еске салсақ, сот бұрынғы вице-министрдің 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ долларын және "Атамекен" АЭС-тің мүддесін лоббирлеу үшін делдал арқылы жалпы сомасы 115 мың АҚШ долларын және 8 миллион теңгеден астам пара алғанын анықтады.
2023 жылғы 21 қарашада сот үкімі шығып, экс-вице-министр Әлтаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056017-sot-nurzan-altaevtyn-sagymy-boiynsa-sesim-sygardy/