19 қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Жарияланған күні:
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы мәжілістің Telegram арнасында хабарланды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
"Әділет" АҚЖ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысы сағат 10:00 мен 18:00 аралығында өткізіледі. Бұл ретте сағат 12:00 мен 12:30 аралығында және сағат 14:00 мен 16:00 аралығында үзіліс бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056024-19-qantarda-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysy-otedi/