Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада мүгедектігі бар адамдардың жәрдемақы алатын шотына заңсыз тыйым салынған

Опубликовано:

Мүгедектігі бар адам
Мүгедектігі бар адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана прокуратурасы 27 мүгедектігі бар адамның жәрдемақы алатын банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының ресми сайты.

Ведомство ақпараты бойынша, жеке сот орындаушылары 27 мүгедектігі бар адамның жәрдемақы алатын банк шоттарына тыйым салғаны анықталған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға болмайды.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн теңге көлемінде қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қалалық прокуратура уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056121-elordada-zardemaqy-alatyn-sotyna-tyiym-salyngan-mugedektigi-bar-adamdardyn-aqsasy-qaitaryldy/

pixel