Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтелеком" АҚ мобильді операторларының бірі жаңа инвесторға берілуі мүмкін

Опубликовано:

"Қазақтелеком" АҚ
"Қазақтелеком" АҚ. Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Үкіметте премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Қатысушылар "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды.

Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056146-qazaqtelekom-aq-mobildi-operatorlarynyn-biri-zana-investorga-berilui-mumkin/

pixel